Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
53-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтiп-ұстау және кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;».
2. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-1) және 53-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;»;
«53-1) теңіз оқу-тренажер орталығы – теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) 4-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 31-2) тармақшамен толықтырылсын:
«31-2) Қазақстан Республикасының теңiзшiсi жеке куәлiгiнiң үлгiсiн және оны қорғауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн бекiту;»;
3-тармақта:
55-3), 55-5) және 55-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«55-3) кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының үлгілерін, кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидаларын бекіту;»;
«55-5) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін бекіту;»;
«55-8) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 55-27), 55-28), 55-29), 55-30) және 55-31) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-27) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін бекіту;
55-28) кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық қорытындының нысанын бекіту;
55-29) кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
55-30) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту;
55-31) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын бекіту;»;
3) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кемелердің теңіз порттарындағы және оларға кіреберістердегі қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады.»;
4) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 8-4-баппен толықтырылсын:
«8-4-бап. Кемелер жүрісін басқаруды ұйымдастыру
1. Навигациялық орталықтың кемелерге қызмет көрсетуі мынадай кезектілікпен жүргізіледі:
1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшін жүзіп келе жатқан кемелер және бортында сырқаты ауыр адамдар бар кемелер;
2) кесте бойынша жүзіп келе жатқан паромдар мен жолаушылар кемелері;
3) тез бүлінетін жүктері бар кемелер;
4) сүйретіп келе жатқан объектілері бар сүйреткіш кемелер;
5) қауіпті жүктері бар кемелер;
6) желілік кемелер;
7) өтінімдер келіп түскен уақытқа сәйкес өзге де кемелер.
2. Кемелерді радиолокациялық алып өтуді навигациялық орталық кеменің өтінімі бойынша кез келген көрінетіндей жағдайда жүзеге асырады.
3. Радиолокациялық алып өту тәртібі радиолокациялық алып өту басталғанға дейін теңіз портының капитанымен келісіледі.
4. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісі (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) теңіз порты капитанының рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймағына келгенге дейін теңізден жүзіп келе жатқан кемелер осы аймақтағы жүрісті реттейтін навигациялық орталықпен ультрақысқа толқындарда радиобайланыс орнатады.
6. Навигациялық орталықпен радиобайланыс орнату кезінде кеме:
1) кеменің типін, атауын және мемлекеттік тиесілігін (туын);
2) аймаққа келу уақытын;
3) маневр жасау режиміндегі жылдамдығын;
4) межеленген портын;
5) өлшем куәлігі бойынша жалпы сыйымдылығы мен негізгі мөлшерлерін;
6) нақты шөгуін;
7) жүктің түрі мен санын;
8) кеменің радиолокациялық стансасының жай-күйі туралы мәліметтерді;
9) жүзу және маневр жасау қауіпсіздігіне әсер ететін бар шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды.
7. Кемелер жүзіп келе жатқанда, егер басқа арна көрсетілмесе, өздері аймағында болатын навигациялық орталықтың жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшілікті) атқарады.
8. Навигациялық орталықтың кемелермен радиоалмасуы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш тәулік бойы сақталады. Егер авариялық ахуалдар немесе авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеп-тексеру аяқталғанға дейін сақталады.
9. Навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану уәкілетті орган бекітетін тарифтер бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.»;
5) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Кеме экипажының мүшелерiне қойылатын талаптар
1. Кәсіби дипломдары, кәсіби дипломдардың растамалары, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері, медициналық қорытындылары бар адамдар кеме экипажы мүшелерiнiң лауазымдарын атқаруға жiберiледi.
Кеме экипажының мүшелері жеңілдік рұқсатының негізінде сол лауазым бойынша тиісті кәсіби дипломы жоқ лауазымды атқаруға алты айдан аспайтын мерзімге жіберіледі.
2. Кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын порттың теңіз әкімшілігі береді.
3. Теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерін теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары береді.
4. Кәсіби дипломдардың растамалары кәсіби дипломдардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды.»;
6) 28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Кеме иесі:
1) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың жасақталуын;
2) кеме экипажының әрбір мүшесінде оның біліктілігін растайтын құжаттардың болуын;
3) кеме экипажы мүшелерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін;
4) құжаттаманың, оның ішінде медициналық қорытындылардың, кеме экипажы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын құжаттардың капитан каютасында немесе қозғалыс бөлмесінде сақталуын;
5) кеме экипажы мүшелерінің өз құқықтарымен және міндеттерімен, кеменің сипаттамаларымен және құрылғыларымен таныс болуын;
6) авария жағдайында кеме экипажының іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуге міндетті.»;
7) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау)
1. Білім беру ұйымдары және теңіз оқу-тренажер орталықтары теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды уәкілетті органның хабарламасынан кейін жүзеге асырады. Хабарламаға уәкілетті орган айқындаған уәкілетті ұйымның оң қорытындысы қоса беріледі.
Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.
2. Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.»;
8) 39-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, теңiзде жүзу кiтапшаларының тізілімдерін жүргізуді және оларды беруді, сондай-ақ кәсіби дипломдарды, кәсіби дипломдардың растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын беруді, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұруды, алып қоюды;».
3. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.».
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 24, 146-құжат):
2-баптың 2-тармағындағы «2015» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын.
5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат):
1) 2-қосымшада:
344-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
344. Кәсіби
дипломды
беру
Кәсіби
диплом
»;
мынадай мазмұндағы 344-1 және 344-2-жолдармен толықтырылсын:
«
344-1. Кәсіби
дипломның
растамасын беру
Кәсіби
дипломның
растамасы
344-2. Жеңілдік рұқсатын беру
Жеңілдік рұқсаты
»;
2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 34-тармақпен толықтырылсын:
«34. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын және 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 13 қаңтар. № 276-V ҚРЗ